“Таңшолпан” жазғы демалыс лагерінде Астана күніне орай мерекелік іс-шара жоғары
деңгейде ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар еліміздің бас қаласының тарихы мен жетістіктері туралы
мәлімет алып, патриоттық рухты дәріптейтін түрлі танымдық ойындар мен қызықты
сайыстарға белсене қатысты. Әсем әндер шырқалып, көңілді атмосфера сыйлаған
мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,
елжандылық қасиеттерін нығайтуға ықпал етеді.
Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз
Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын