Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14
қаңтардағы
№26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, білім
беру ұйымымызда білім алушыларға арналған міндетті мектеп формасына
қойылатын талаптар сақталады.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы
сипатына сәйкес болуы тиіс. Мектеп формасының үлгісі мен түсі
классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында әзірленеді. Үш түстен артық
түстерді араластыруға жол берілмейді, ал мектеп формасының түсі қалыпты
және ашық емес реңктерден таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес енгізіледі
және күнделікті, мерекелік, сондай-ақ спорттық болып бөлінеді.
Ұл балаларға арналған мектеп формасы пиджактан, жилеттен, шалбардан,
мерекелік және күнделікті жейдеден, түймелі немесе сыдырмалы тоқылған
күртеден (кардиганнан), поло жейдеден немесе теннискадан тұрады. Қысқы
кезеңде трикотаж жилет пен водолазка киюге рұқсат етіледі. Ұл балаларға
арналған шалбар еркін пішімде тігіліп, ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұруы тиіс.
Қыз балаларға арналған мектеп формасы пиджактан, жилеттен,
юбкадан, шалбардан, классикалық жейдеден, түймелі немесе сыдырмалы
тоқылған күртеден (кардиганнан), поло жейдеден немесе теннискадан
тұрады. Қысқы кезеңде трикотаж жилет, сарафан және водолазка киюге
рұқсат етіледі. Қыз балаларға арналған шалбар еркін пішімде тігіліп,
ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен
(спорттық шалбар, спорттық күрте, футболка) және спорттық аяқ киімнен
(кроссовка, кеды) тұрады.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін
енгізуге жол берілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық
жағдайларды, оқу сабақтарының өткізілу орнын және білім беру
ұйымындағы температуралық режимді ескере отырып жүзеге асырылады.
Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарақаттауы
мүмкін фурнитуралары бар киімдер мен аксессуарларды пайдалануға тыйым
салынады. Мектеп формасын таңдауда матаның сапасы мен құрамына
маталарды,
ерекше назар аударылады. Қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және
мақта
сондай-ақ
киіске
төзімді,
антибактериалдық,
антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталарды қолдану
ұсынылады.
Мектеп формасына қатысты мәселелерді талқылауға ата-аналар мен
өзге де заңды өкілдер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымдары, қамқоршылық
кеңес және ата-аналар комитеті қатысып, қолданыстағы талаптарға сәйкес өз
ұсыныстарын енгізеді.
Мектеп формасының фасоны мен үлгісін, сондай-ақ қыз балаларға арналған
юбканың ұзындығын айқындау мәселелері орта білім беру ұйымының,
қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептің өзін-өзі
басқару ұйымының қатысуымен қарастырылады. Қабылданған шешімдер
жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасы негізінде бекітіледі.
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер! Білім алушылардың белгіленген
мектеп формасын сақтауына қолдау көрсетіп, талаптардың орындалуына
бірлесе атсалысуларыңызды сұраймыз.