«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-де 16-20 қаңтар аралығында «Үштік тәрбие ынтымақтастығы» тақырыбында тәрбие, психология, әлеуметтік қызмет апталығы өтуде. Жоспарға сәйкес 18.01 күні мектеп психологы Н. Тауова 11 сынып оқушыларымен «Сенім - менің серігім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде 11 сынып оқушыларының өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.
Шара барысында «Досым, қалың қалай?», «Биіктік», «Кедергілерді жеңу», «Суретті жалғастырып, әрі қарай жібер», «Жағымды ҰБТ», «Лабиринт», «Мен ерекшемін», «Стақандар пирамидасы» жаттығулары орындалды. ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынаманы таратылды.
Шара соңы «Жүректен жүрекке» жаттығуы арқылы қорытындыланып, «ҰБТ да жетістікке жетеміз» әнімен аяқталды.