Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде 16 қаңтар – 20 қаңтар аралығында жоспарланған «Тәрбие, Психологиялық және әлеуметтік қызмет» бойынша «Үштік тәрбие ынтымақтастығы» апталығы аясында мектеп педагог- психологы Тауова Нұрсұлу Раулқызының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Білім бәйгесі» атты интеллектуалды шоу бағдарламасы болып өтті. Мұнда ұстаздар барлық сала бойынша ізденіп, білім көкжиегін кеңейтті. Мұғалім – сыныптағы отыз оқушыны зерттеуші психолог, білім беретін білікті маман, шәкірттерінің көңілінен шығу үшін түрлі кейіпке енетін әртіс, бір сөзбен айтқанда, бірнеше мамандықты қатар алып жүретін жан. Сол себепті де, мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып, өзін жетілдіріп отырады. Ал, осы тұрғыда білім бәйгесінің алар орны бір төбе.
Шараға мектеп мұғалімдерінен құралған 2 топ 8 қатысушы қатысты. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан тарихы, мәдениет, әдебиет, салт-дәстүр, түрлі ырым-жоралғылар, геология, химия, география, өнер, кино сынды түрлі саладан сұрақтар қойылды. Сайыс бөлімдерінің арасында қатысушылар мен көрермендер арасында психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында «Бойтұмар» және сергіту жаттығулар орындалды. Сайыстың қорытындысы бойынша тәжірибелі педагогтар тобы Ахметбекова Фарида, Есенбаева Айнұр, Көптілеуова Айнұр, Аққалиева Лайлә І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орынға жас мамандардан құрылған топ Қалиева Гита, Абуталиева Жаннат, Заки Ақтоты, Есенбаева Назгүл лайықты деп танылды. Шара соңында барлық қатысушыларға диплом және сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында сөз алған мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Жұмағұлова Айымкүн шараның жоғары дәрежеде өткенін айта отырып «Білімді ұстаз ғана білікті шәкіртті тәрбиелей алады. Біз еліміздің болашақ тұтқасын ұстайтын жастарды тәрбиелеудеміз. Сіздерге жас ұрпақты тәрбиелеу жолында сәттілік тілейміз», – деп қорытындылады.