«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-де 16 қаңтар – 20 қаңтар аралығында жоспарланған «Тәрбие, Психологиялық және әлеуметтік қызмет» бойынша «Үштік тәрбие ынтымақтастығы» апталығы аясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дармурзина Лаура Дүкенбайқызының ұйымдастыруымен мұғалімдер мен 8-10 сынып оқушылары арасында «Cover show» ойын-сауық бағдарламасы болып өтті. «Жастарды халық әндері арқылы ұлтжандылық рухта тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды аялауға үйрету» мақсатында өткізілген шараның міндеттері: «Жұптасып ән айтуда оза шапқан жарық жұлдыздарды анықтау; Оқушыларды эстетикаға тәрбиелеуге, музыканы тыңдай білуге, оны ажырата білуге үйрету. Әр-түрлі жанрдағы музыкаларды ажыратып, мағынасын түсінуге тәрбиелеу. Тез ойлануға, шапшаңдыққа үйрету. Есту қабілетін дамыту. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру» болып табылды. Шараға бір ұстаз бен бір оқушыдан құралған 6 топ өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар «Музыкалық сұрақтар» бөлімі бойынша білімдерін сынады, «Екі жұлдыз» бөлімінде жұптасып ән шырқады. «Әуенді тап» бөлімінде әр-түрлі жанрдағы музыкаларды ажыратып бақ сынасты.
Шара қорытындысы бойынша «Күміс көмей, жез таңдай әншілер» номинациясымен 8 «А» сынып оқушысы Жұмажан Жарқын мен мұғалімі Заки Ақтоты ал «Өнер жұлдыздары» номинациясымен 8 «Б» сынып оқушысы Еділ Дәулет пен мұғалімі Сабыргалиева Гүлсім марапатталды. «Талантты топ» номинациясына 9 «А» сынып оқушысы Қайыржан Ерасыл мен мұғалімі Тауова Нұрсұлу, «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясына 9 «Б» сынып оқушысы мұғалімі Тұрар Нұрмұхаммед пен Аккалиева Лайля ие болды. «Өнерлі топ» номинацисы бойынша 10 а сынып оқушысы Отарғалиқызы Айкөркем мен мұғалімі Мактумкулова Алтын, «Шебер орындаушылар» номинациясына 10 «Б» сынып оқушысы Еділ Ақерке мен мұғалімі Тлепиева Гүлназ лайық деп танылды. Өнер бәсекесіне қатысушылардың өнерлерімен де және шара көркемдігімен де, мән-мазмұны жағынан да көрерменнің бәріне де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш ұйымдастырушылары ұлттық әуендерімізді ұлықтаған бұл шараның келешекте өз жалғасын табатынын айта келе, бағдарлама қонақтарына ризашылықтарын білдірді.