Оқушыларды шешен сөйлеуге уйрету, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын байыту, өзіндік пікірін қорғай алу мақсатында «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-де «Отбасы-бақыт мекені» апталығы аясында 10-сынып оқушылары арасында «Зерде» дебат клубының жетекшісі Алтай Алмагүлдің ұйымдастыруымен «Әр баланың әлеуметтік желі парақшаларын ата-ана қадағалауға құқылы» тақырыбында дебат ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар ойларын еркін айтып, өз пікірлерін қорғай алды.