«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ сінде, 13-17 ақпан аралығында жоспарланған «Ұлағатты ұстаз» шығармашыл тобының «Шығармашылық пен ізденіс» тақырыбындағы апталығы басталды.
Аптаның бірінші күні апталықтың ашылуына орай шығармашылық топтың жетекшісі Айымкүн Олжабайқызы апталық жоспарымен таныстырып, шараларға белсене қатысуға шақырып, топ жұмысына сәттілік тіледі. Үлкен үзілісте оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Sensory path» жаттығулары, «Қызықты басқатырғыштар» әлеміне саяхат, танымдық ойындар ұйымдастырылды. Апталық алғашқы «Мұғалім-мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» атты сазды - танымдық кеші болып өтті.
Кештің мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, шығармашылық-танымдық қабілетін арттыру.
Ең алдымен сергіту жаттығу ретінде «Биле,биле» флешмоб биіне ұстаздар шақырылды.
«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай кеш барысында «Мақал - сөздің мәйегі», «Суретті жалғастыр» арттерапиясы, «Көтеріңкі көңіл күй жанға қуат береді» атты музыкалық терапиядан тұратын кезеңдер ұстаздардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Кеш бөлімдері арасында ұйымдастырылған «Ұжымдағы МЕН» жаттығуы, сергіту ойындары ұстаздарға көңілді күй сыйлады. Кеш соңы «Жүректен шыққан жылы сөз» атты рефлексиямен қорытындыланды. Осылайша көңіл тербеп, жүрек жылытқан әдемі кеш әдемі әсермен аяқталып, ұстаздар шығармашыл топ жұмысына, кеш ұйымдастырушылары хореограф Дармурзина Лаура, еңбек пәні мұғалімі Мактымкулова Алтын, әлеуметтік педагог Дильмаганбетова Гульфаридаға ризашылықтарын білдірді.