«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Махамбет ауданы білім бөлімінің
«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы
Сарайшық орта мектебі» КММ

Меню

«Тәжірибе алмасу - шеберлікті шыңдау баспалдағы»

«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ сінде, апталық аясында 16 ақпан күні «Тәжірибе алмасу-шеберлікті шыңдау баспалдағы»атты тақырыбы бойынша ұстаздармен тәжірибе алаңында семинар-практикумы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар: топ жетекшісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұмағұлова Айымкүн және педагог-психолог Тауова Нұрсұлу. Әдістемелік күнге ұйымдастырылған тәжірибе алаңы мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, шығармашылық зертханасын айқындауға, оқушыларға білім берудегі өзгерістерді еркін меңгеруге бағытталды. Ұстаздар тәжірибе алаңында «Спиннер әдісін сабақта қолдану мүмкіндіктері»; «Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері»; «LearningApps.org. платформасы мүмкіндіктері» тақырыптарында тәжірибе алмасты. Семинар - практикумнан жақсы әсер алған ұстаздар пікір алысып, өз ойларын ортаға салды.

75
79
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы
білім бөлімінің «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ
Дизайн және әзірлеу
SemStar