«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Махамбет ауданы білім бөлімінің
«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы
Сарайшық орта мектебі» КММ

Меню

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

«Шығармашылық пен ізденіс» апталығы аясында ұйымдастырылған «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық сайысы жоғары деңгейде болып өтті. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Иманғалиев Әлімжанның ұйымдастыруымен сайыс салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық ойындардың ұмыт қалған тұстарын қайта жаңғыртуға бағытталды. Сайыстың ашылуы кезеңінде «Ұлағатты ұстаздар» тобының ұстаздары ұлттық нақышта киім киіп, қатысушыларға шашу шашып қарсы алды.

Сайыс барысында өткізілген қазақтың ұлттық ойындары: Теңге алу, Жамбы ату, Қол күрес, «Ақ сандық, көк сандық» атты кезеңдер спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды. Жарысқа түскен бәсекелес топтар жарыс шарттарына сай кезеңдерден бақ сынады. Сайыс қызықты, әрі тартысты өтіп ұстаздарымыздың жүздері жадырап, қуанышқа бөленіп, бір серпіліп қалды.

Нәтижесінде «Биік белес» тобы жеңімпаз атанып, «Болашақ» тобы ІІ орынға, «Бейбарыс» тобы ІІІ орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.

90
50
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы
білім бөлімінің «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ
Дизайн және әзірлеу
SemStar