«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ сінде, 13-17 ақпан аралығында жоспарланған «Ұлағатты ұстаз» шығармашыл тобының «Шығармашылық пен ізденіс» тақырыбындағы апталық аясында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ысқақова Маруся «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты поэзия кешін өткізді.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы,ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының мәнін,өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту.
Поэзия кешінің барысында оқушылар ақын жырларын мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерін шырқады,шығармашылығына, өмір жолына қатысты сұрақтарға жауап берді, ақын шығармаларының музыкамен үндесу ерекшелігін ұғына білді.