«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Махамбет ауданы білім бөлімінің
«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы
Сарайшық орта мектебі» КММ

Меню

«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»

Махамбет ауданы білім бөлімі, Махамбет аудандық Ішкі істер бөлімінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы №41-30-137/356 санды хаты негізінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты болдырмау, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» тақырыбында «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-де жиналыс өтті. Жиналысқа мектеп директорының у.м.а Д.Т.Сапарова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.О.Дюсешова, Л.Д.Дармурзина, мектеп инспекторы А.Бақтыкерей, педагог-психолог Н.Тауова, мектеп медбикесі М.Қырықбай, сынып жетекшілер «Қызғалдақ қыздар» ұйымының жетекшісі Г.Дилмағанбетова қатысты. Жиналыс барысында мектеп инспекторы кәмелетке толмаған балалардың жасаған қылмыстарымен қатар балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасалған қылмыстар төмендемей отырғаны туралы айта отырып оқушыларды қылмыс жасаудан аулақ болуға, қоғамдық орындарда өз-өздерін ұстай білуге, тазалықты сақтауға шақырды. Көптеген жағдайларда зорлық-зомбылық отбасындағы келеңсіз жағдай және беймезгіл көшеде жүруге байланысты болуынан орын алуы мүмкін екенін ескертіп, мектепте тәрбие жұмысын жандандыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтып өтті.

Мектеп психологы «Қыз бала қоғамдық орында-өзі өзі қалай ұстау керек?» тақырыбында қыз балаларға өзін өзі ұстауы және қыз баланың қылығы туралы түсінік жұмысын жүргізді. Отбасынан немесе бейтаныс адамнан зорлық-зомбылық көрген жағдайда ата-анасына, мектеп психологына, сынып жетекшісіне немесе сенім телефоны мен сенім жәшігіне хат жолдау арқылы байланысып, көмек ала алатыны туралы ескертті. Буллинг және Киберуллингтің алдын алуға байланысты психологиялық кеңестер берілді.

1
2
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы
білім бөлімінің «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ
Дизайн және әзірлеу
SemStar