«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Махамбет ауданы білім бөлімінің
«Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы
Сарайшық орта мектебі» КММ

Меню

«Алғыс айту»

Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан -дегендей алғыс айту күнін меркелеу аясында «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-нің 1а-сынып жетекшісі Б.Куспангалиева сынып оқушылары және ата-аналарымен бірлесіп «Үйренгенім көп менің, алғыс айту міндетім» тақырыбында өнеге сағатын өткізді.

Мақсаты: оқушылардың үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар «Қызықты тізбектер» ойынында геометриялық фигуралардан заңдылықты сақтай отырып тізбек құрастырды. «Сиқырлы шеңбер" көмегімен кімдерге, нелерге алығс айтуға болатындығы жөнінде ой бөлісті. Өздерінің ата-аналарына ән шырқап, кішкентай жүрекшелер арқылы ризашылықтарын білдірді.

«Алғыс айту» күнін мерекелеу аясында «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-сі бойынша тәлімгердің уақытша міндетін атқарушы М.Аменовтың ұйымдастыруымен «Арамыздағы қаһармандар» айдары Еріктілер тобымен ауыл тұрғыны зейнеткер Хамиева Дина апайдың ауласындағы қарды тазалауға көмектесті. Зейнеткер оқушыларға алғыс білдірді. Мұндай игі істер әлі де жалғасын таба бермек.

1
2
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы
білім бөлімінің «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ
Дизайн және әзірлеу
SemStar