24 ақпан күні «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» КММ-де есірткі қылмыстарының көптеп орын алуы себепті, кәмелетке толмағандардың есірткі қолдануын, оларды жасырын сақтау және сатумен айналасуын болдырмау мақсатында Махамбет аудандық полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына дәріс оқыды. Әр түрлі көрнекілік құралдары арқылы есірткінің денсаулыққа зиянын көрсете отырып, олардың құрамы, түрлері, атаулары, таралу жолдары туралы түсінік беріп кетті.